ҚР Мұнайсервистік компанияларына мемлекет 2021 жылға дейін қолдау көрсетеді

19.04.2016 2953

ҚР Мұнайсервистік компанияларына мемлекет 2021 жылға дейін қолдау көрсетеді, деді ОКҚ-да Қазақстанның мұнайсервистік компаниялары одағының директоры Нұрлан Жұмағұлов.

«Бұл ДСҰ, ЕАЭО талабы біз қазақстандық өндірушілерге қолдау көрсете алмаймыз. Алайда, 2021 жылға дейін өту кезеңі бар. Барлық әрекеттегі келісім шарттары бар қызметтер 2021 жылға дейін қолдауға ие болады. Біздің қазақстандық компаниялар бәсекеге ие болу үшін оларға қолдау көрсетудің уақыты болып отыр», - деді Н.Жұмағұлов.

Оның айтуынша, қазір Энергетика министрлігімен жұмыс жүргізілуде, бюджеттік табиғи қазбаларды қолдану есебінде  мұнайсервистік компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі мен қайта біліктілігін арттыру мәселесі қарастырылған.

«Меніңше, төрт жыл кейбір кәсіпорындардың аяғынан нық тұруына жеткілікті. Жеке кәсіпорындар  бәсекеге қабілетті, оларға мемлекет тарапынан ешбір көмек қажет емес», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова