Маңғыстау облысындағы орта мектеп директорлары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері менеджменттің жаңа әдістерін оқиды
Маңғыстау облысының әкімшілігі мен Алматы менеджмент университетінің (МАБ) бірлескен жобасы аясында «Үкіметтік емес ұйымдардағы менеджмент» пен «Білім саласындағы менеджмент» атты білім беретін бағдарламалар жобасының ашылуы болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың халық алдында есеп беруі кезінде үкіметтік емес бөлімнің өкілдері үкіметтік емес ұйымдарға арнап оқу ұйымдастырып беруді өтініш еткен болатын. Сонымен қатар, білім процесінің сапасын арттыру мақсатында мұғалімдердің бірінші тобы мектеп және орта арнаулы оқу орындарында «Білім саласындағы менеджмент» бағдарламасы бойынша оқытудан өткізіледі. Оқу аяқталғаннан кейін, ең үздік тыңдаушылар магистр лауазымын алады. Бұл Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы кешенді оқыту бағдарламасының қатысушылары болған төртінші топ.
««100 нақты қадам» ұлт жоспарының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру аясында шығарылатын кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім саласындағы экспорттық әлеуетті дамыту үшін біз мұғалімдерді жаңа форматта дайындауды бастап жатырмыз. «Білім саласындағы менеджмент» оқуын бітіріп және магистр лауазымын алғаннан кейін, олар дуалды оқытуды енгізудің, 12 жылдық оқытуға көшу процесін жүзеге асыратын үздік мамандары болып шығатына сенемін», - деп атап өтті Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының жоғары сынып және ЖОО-ғы мұғалімдері үшін ағылшын тіліне кезең-кезеңімен ауысу бойынша қайта даярлау курстары басталды. Қалалық, аудандық үйлестіру орталықтарында үйірмелер мен ақылы курстар ұйымдастырылып жатыр. Ағымдағы жылдың сәуір айында үштілді оқыту бағдарламасы бойынша, 21 мұғалім Маңғыстау облысы бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру институты – «Өрлеу» АҚ филиалында қайта даярлау курстарынан өтеді.