Қазақстан мен Сауд Арабиясының көшбасшылары лаңкестікке жаһандық деңгейде күресудің негізгі бағыттарын талқылады
14.04.2016
2869
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Азиз Әл Саудпен Ислам ынтымақтастық ұйымының XIII саммитінің алаңында кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екі елдің көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ғылым мен техника және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады.
Қазақстан Президенті мен Сауд Арабиясы Королі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және терроризм мен экстремизмге қарсы жаһандық деңгейдегі іс-қимылдың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар, тараптар ИЫҰ саммитіне тоқталып, оның табысты өтетініне, қабылдануы жоспарланған шешімдерінің тиімді болатынына үміттенетіндерін білдірді.