Қостанай облысында жасөспірімдер қылмысы 6%-ға төмендеді

14.04.2016 2329

Қостанай облысында жасөспірімдер қылмысы 6%-ға төмендеді, деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлік ОКҚ брифингінде.

«Екінші реформаны іске асыру шеңберінде жергілікті полиция қызметі жұмыс істей бастады. Оның алдына негізгі

3 міндет жүктеліп отыр, олар:қоғамдық тәртіпті күзету;жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;құқық бұзушылықтардың алдын алу», - деді ол.

Бұл сәтте бірлескен іс-шаралар жоспары, жергілікті полиция қызметінің жұмысын ақпараттық қолдаудың медиа-жоспары әзірленді. Қазірдің өзінде қылмыстылық деңгейінің төмендегені байқалып отыр.

«Атқарылған жұмыстар нәтижесінде биылғы жылғы 2 айда 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жасөспірімдер қылмысы 6%-ға, бұзақылық – 30%-ға, жол-көлік оқиғалар саны 19%-ға азайды. Әкімшілік заңнаманы бұзу саны  14%-ға артқан», - деді облыс әкімі.

Әдеп нормаларын бұзған полицейлерге қатысты азаматтардың шағымдарын қарайтын қоғамдық кеңестер арқылы полиция қызметі жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін облыстың Ішкі істер департаментінің жанынан консультативті-кеңестік орган құрылды.

Индира  Кауметова