8 көпфункционалды жылжымалы диагностикалық жол лабораториялары сатып алынды - ИДМ

13.04.2016 3538

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің құрылысына қатысушы мердігер компаниялардың қол қойған контракттары аясында қосымша 8 көпфункционалды жылжымалы жол передвижных диагностикалық жол лабораториялары сатылып алынды, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Жол сапасына  бақылау жасауда шолу жасайтын камералармен, лазерлік датчиктермен және  георадармен жасақталған олар көлік құралына орнатылған өнеркәсіп компьютеріне алынған нәтижелерді жолдап отырады.  

Жылжымалы лабораториялар ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетіне ресми тапсырылатын болады, одан соң олар тиісті  «Облжоллабораторияларға» өткізіледі (Ақтөбе, Атырау, шығыс Қазақстан  облысы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарына). Онда солардың көмегімен жалпы пайдаланымдағы автожолдардың жөнделуі мен күтіп ұсталуының сапасына бақылау жасалатын болады.  Жылжымалы лабораторияларды өткізгенде  Комитет және Облжоллабораториялар қызметкерлері үшін арнайы оқыту ұйымдастырылады.

Айта кетейік, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін реконструкциялау жобасы аясында «Алматы-Қорғас» учаскесіндеқұрылыс жұмыстары жүргізілуде (4 жолақты қозғалысы және цементобетон жамылғысы бар I категориялы жол).

Жұмыстар ұзақтығы 304 км болатын 8 учаскеде жүргізілуде,  оған 4 мердігерлік компания тартылған: «Догуш Иншат Ве Тиджарет Аноним Ширкети» және АО «Гюльсан Иншат Санайи Туризм Нак Ве Тидж», 2.  «Todini & Impregilo & Казахдорстрой» БК (Италия/Италия/Казахстан), «Evrascon & МО-1» БК (Азербайджан/Казахстан), OHL ZS (Чешская Республика).  Учаскелердегі жұмыстар биылғы жылы аяқталады.