Д.Ахметов: Мұғалімдердің білімін жетілдіріп, оқыту бағдарламасын жақсарту қажет

08.04.2016 2940

Шығарылатын кадрлардың бәскеге қабілеттілігін арттыру мен білім беру секторының өсуі Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 79-шы қадамында көрсетілген. Осы мақсатқа жету үшін өңірдегі үш тілділікті дамытудың кешенді жоспары аясында шамамен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің 3 мың мұғалімі қайта даярлаудан өтеді, деп ШҚО-ның ақпарат орталығы хабарлайды.

ШҚО-да алғаш рет республикада үш тілділікті дамыту бойынша жұмыс басталды. Үш тілділікті дамыту боынша 2016-2019 жылдарға арналған облыстық кешенді жоспары  мақұлданды. Сонымен қатар, ҚР БҒМ-мен «ШҚО-ның барлық білім беру деңгейлердіндегі  ұйымдарда 2016-2019 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың жол картасы» келісіліп, жасалды.

Жоспардың бірінші кезеңінде мұғалімдерден тест жұмысы алынды. Оның нәтижесі мұғалімдердің өз пәндерін 30 пайызға жоғары білетіндігін көрсетті. Сонымен бірге, әрбір екінші оқытушы өзінің орташа деңгейін дәлелдей алмады, олардың ішінде 27 пайызы негізгі деңгейде сөйлейді және 27 пайызы элементарлы деңгейде.

«Бұл платформа бойынша жұмыс жасау керек. Мұғалімдердің білімін жоғарылату керек»,-деді ол.

2016 жылдың маусым-тамыз аралығында ағылшын, қазақ және орыс тілді мұғалімдерге тілді оқыту бойынша курстар өткізіледі. Ағылшын тілі мұғалімдеріне Еуропадан келген адамдар оқытады.