Мәжіліс азаматтық заңнаманы жетілдіру туралы заң жобасының жұмысын ұзартты
Мәжіліс «азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөнінде заң жобасының бірқатар ҚР заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының жұмысын ұзартты.
«Заңнама және сот құқықтық реформа Комитетінің қарауында «азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөнінде заң жобасының бірқатар ҚР заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы бар. Жоба 2015-ші жылдың шілде айында қабылданған. Дайындық мерзімі – 2016 жылдың 27-ші мамыры. Заң жобасы азаматтық заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, жеке құқықты қалпына келтіру, мәңгілік құқық түрлерін, олардың пайда болу негізі, заң жүзінде тану институтын жетілдіру»,-деді депутат Нұрлан Әбдіров жалпы отрыста.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс тобының қарауына 78 түзету келіп түскен.
«Жобамен қоса екі кодекс пен 9 заңды түзету жағы қарастырылуда. Бұл екі оқылымда талқылауды қажет етеді. Ерекше атап өтетін жайт, түзетулер енгізу мұқият талқылауды талап етеді. Жұмыс тобына барлық мүдделі тұлғаларды шақыру керек»,- деп толықтырды Н.Әбдіров.
Осыған байланысты Мәжіліс заң жобасын қарауды 2017-ші жылдың 20-шы наурызына дейін ұзартты.
Ботагоз Айтжанова