2015 жылы Ақмола облысынан 22 мың тонна сүт өнімі экспортталды-әкім
Ақмола облысы дәстүрлі экспорттық өнімдер арасында аграрлық өңір болып табылғандықтан, агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімдер болып табылады. Олар - бидай, арпа, ұн, зығыр, рапс, деп аймақ әкімі Сергей Кулагин Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру аясында ұйымдастырылған баспасөз-конференциясында айтып өтті.
Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының ет өнімдерін іске асыру жұмыстары бойынша тапсырмалары іске асырылып жатқандығын атап өтті.
«Бақара» атты қазақстандық брендпен жасалған ет өнімдеріміз Мәскеу компаниясы «Астана-Агропродукт» АҚ супермаркетке 2014 жылдан жеткізіледі, «Казбиф» ЖШС сиыр еті Санкт-Петербург,Ленинград қ., Свердлов, Челябинск облыстары, Краснодар және басқа да аймақтарға экспортталады: жалпы 2015 жылы еттің барлық түрлері бойынша 1,6 мың тонна эспортталды»,-деді әкім.
«Көкшетау минералды суы» АҚ «Тұран» брендімен 15 жыл шамасында Ресей Федерациясына экспортталады – 2015 жылы 435 мың литр экспортталды. «КазгерКус» компаниясы Орталық Азия мен жақын арадағы Шығыс нарығына экспорттайды»,-деді С.Кулагин.
Аймақ басшысы бүгінгі күні өнімді Біріккен Араб Әмірлігіне жеткізу мәселесі қарастырылып жатқандығын және 2015 жылдың қорытындысы бойынша 32 млн дана экспортталғанын атап өтті.
Сонымен бірге, облыс әкімінің сөзінше, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Қытай Ұлттық Республикасына Бурабай ауданының «Бота-2015» ЖШС өсімдік майы экспортталды.
Айта кетейік, облыста Индустириаландыру картасы аясында «Новолэк» ЖШС өнімі табысты жүзеге асуда. Ол - контейнерлерді орау, өнімнің 65% ТМД және сыртқы нарықтардағы сатылады.