Е.Досаев: 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап инвесторлар үшін 350 мемқызметтің көрсетілуімен «бір терезе» жүйесі іске қосылды
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап инвесторлар үшін 350 мемқызметтің көрсетілуімен «бір терезе» жүйесі іске қосылды, деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Ұлттық жаңғырту комиссиясының мүшелері қатысқан «Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» тәжірибелі түрде жүзеге асыру» дөңгелек үстелі барысында.
«Индустрияландыру және экономикалық өсу» атты үшінші реформа шеңберінде «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» іске асыру мақсатында 2016 жылы 152 нормативтік құқықтық акт, оның ішінде 2 кодекс пен 4 заң әзірленіп, қабылданады. Ол туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтты.
Ерболат Досаев «Индустрияландыру және экономикалық өсу» атты үшінші реформа шеңберінде 2015 жылы 30 заң мен 289 заңға тәуелді акт қабылданып, бұл жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған іс-шараларды іс жүзінде іске асыруды бастауға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Экономикалық ынтымастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес келетін инвестициялық ахуалды қалыптастыру үшін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап инвесторларға 350-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған «бір терезе» іске қосылды. Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі үкіметтік кеңес құрылды. Осыған ұқсас кеңестер әкімдердің басшылығымен барлық өңірлерде құрылып, ХҚКО-ларда Инвесторларға қызмет көрсету секторлары ашылды.
2015 жылы «зәкірлік инвесторлар» мен ТҰК қатысуымен жалпы сомасы 130 млн. АҚШ долларына 4 жаңа өндіріс іске қосылып, жалпы сомасы 113 млн. АҚШ долларына 6 компания кері инвестицияланды. Фармацевтикада, агроөнеркәсіптік кешенде, тау-кен-металлургия кешенінде, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісінде «Зәкірлік инвесторлар» мен ТҰК қатысуымен 2,2 млрд. АҚШ долларына 16 жобаны тарту мен іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігі саласындағы стратегиялық әріптес – DENA агенттігімен (Германия) жұмыс басталды. 2016 жылы «Қазпочта» АҚ мен «Led System Media» ЖШС арасында бастапқы энергия сервисінің шартына қол қойылды. 115 энергосервистік компанияларының Реестрі құралды.
Ақмола облысында сүт өңдеу зауытын және 2 сүт-тауар фермасын салуға Meggle (Германия) және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жалпы инвестициялар көлемі 66 млрд. теңге қуаттылығы жылына 37 мың тонна ет өнімін шығаратын ет комбинаттарын салуға «Inalca Eurasia» (Италия), «RifaHoldingGruop» (ҚХР) стратегиялық инвесторлары тартылды.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тамақ өнеркәсібінде (16 компания), машина жасауда (6 компания) және құрылыс материалдары өндірісінде (5 компания) «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасын іске асыруда.
«Еуразиялық трансконтиненталдық дәліз» мультимодальдық көлік дәлізін құру шеңберінде Ляньюньган қаласының портында халықаралық Логистикалық аймақ құру жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Қатысушы елдердің (Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Қытай) теміржол әкімшілігі мен сауда порттары бар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөніндегі үйлестіру комитеті (Консорциум) құрылды.
Азаматтық авиацияда Еуроодақ стандарттарын енгізу үшін Британдық азаматтық авиация агенттігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Еуропалық комиссия 2015 жылғы 10 желтоқсанда «Эйр Астана» авиакомпаниясынан Еуроодақ елдеріне ұшу бойынша барлық шектеулерді алып тастады.
«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры McKinsey 50% инвестициясымен және Google мен Materia Ink корпорациясының қатысуымен 2016 жылдың соңына дейін Тау-кен металлургия кешені мен Жаңа материалдар бойынша 2 технология орталығын құру бойынша жұмысты бастады.
Назарбаев Университетте «Астана бизнес-кампустың» бірінші кезегін салу басталды.
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» жаңа Заң шеңберінде ғылыми жобаларды іске асыру және оларды коммерцияландырудың бірыңғай жүйесінде білім және ғылым, инвестициялар және даму министрліктерінің рөлдері нақты айқындалды.
Отандық ғылыми-зерттеу институттарының 5 ғылыми жұмыстарын коммерцияландыру бойынша жобаны іске асыру басталды.
2015 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банк «Астана халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» акционерлік қоғамын құрды және Дубай халықаралық қаржы орталығымен, CityUK (Лондон-Сити) британдық корпорациямен, Катар қаржы орталығымен ынтымақтастықты бастады.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мақсатында халықаралық консультанттарды тарту және ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізу арқылы дайындық іс-шаралары іске асырылуда.