Мемлекет басшысы бірқатар елшілерді тағайындады
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар елшілер тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасының Жарлықтарымен:
Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;
Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды;
Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;
Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.