ҚР Ұлттық музейінде «Мирас» үйірмесі ашылды
26.03.2016
4661
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұрпақ+» жобасы аясында Қазақстан тарихын оқып үйрену мақсатында мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған экскурсия жүргізуші мүмкіндігіне ие болатын «Мирас» үйірмесі ашылды.
Музей баспасөз қызметі хабарлағандай, «Мирас» үйірмесінің мақсаты - Қазақстан тарихын зерттеу және экскурсиялық қызметті игеру. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылған:
-Қазақстанның мәдениетімен және тарихымен танысу, экскурсиялық қызметтің заманауи білімі мен біліктіктерін меңгеру, тарихи құндылықтарды меңгеруде түрлі міндеттерді жүктеу;
- Қазақстан азаматтарын білімділікке, патриоттыққа тәрбиелеу;
Жобаны іске асыру барысында тарихшылар, археологтар, этнографтар, экскурсия жүргізушілер және Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қызметкерлері лекция оқып, практикалық сабақтар мен музей залдарында экскурсиялар жүргізеді.