А.Бейсенбаев: Біз ашық және демократиялық сайлау өткізуге тырысамыз

19.03.2016 2834

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылар миссиясының өкілдерімен кездесті.

Палатада хабарлағандай, ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асановпен, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаттары Халюк Ипек пен Эркан Айдынмен, Әжірбайжанның шағын Мәжіліс депутаты Низам Джафаровпен, Қырғызстанның Жоғары Кеңес депутаты Әбілқайыр Ұзақбаевпен және басқа да миссия өкілдерімен  кездесу барысында вице-спикер Қазақстан халқына 20 наурызда өтетін сайлаудың саяси маңыздылығын айтып өтті.

«Қазақстан жаңғырту кезеңіне кірді. Күрделі әлемдік жағдайда біз жаңа реформаға орай, еліміздің бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға тәжірибелік әрекеттерді жасаудамыз»,-деді А. Бейсенбаев.

Оның айтуы бойынша, мемлекет алдында тұрған жоғары тапсырмаларды орындау барысында,  бірінші кезекте халық сайлауына мән береді

«Біз халықаралық принциптерге сай келетін ашық және демократииялық сайлау өткізуге тырысамыз. Сондықтан, біз халықаралық бақылаушылардың сайлауға белсенді және кеңінен қатысуын қолдаймыз. Біздің жұмысымыз үшін барлық оңтайлы жағдай жасалады. Біз алдағы сайлауға сіздің, әділ, бейтарап және кәсіби баға беретініңізге сенеміз»,-деді вице-спикер.