Сенат спикері Румыния мен Болгариядан келген халықаралық бақылаушыларды қабылдады
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев Мәжіліс сайлауын бақылауға қатысатын шетелдік парламентшілермен кездесу өткізді.
Румыния Парламент палатасы төрағасының орынбасары Флорин Иордакпен кездесу барысында екі елдің парламентаралық өзара әрекеттесу тұрғысында маңызды міселелерді талқылады.
Қ.Тоқаев Румыния Сенатының төрағасы К.Попеску-Тэричануға Қазақстанға келу туралы шақырту жіберді. Төраға Қазақстан Сенатының Мәжілістің жаңа шақырылымына дейін жалпы Парламенттің заңнамалық қызметін орындап отырғаны туралы баяндады. Сонымен қатар, Парламент еліміздегі ауқымды институционалдық реформаның жүзеге асуына өз септігін тигізіп отырғанын атап өтті.
«ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары экономикалық даму мен саяси тәуелсіздіктің кепілі болып табылады»,-деді спикер.
Қ.Тоқаев Қазақстандағы сайлаулар ұлттық заңнамаға сәйке және халықаралық сатндартқа сай ашық әрі әділ өтетінін ерекше атап өтті.
Ф.Иордаке Қазақстандағы сайлауалды ахуалдың жақсы екенін айтты.
«Сіздердің елдеріңізді кейінгі жылдары жүзеге асқан маңызды реформаларыңызбен құттықтаймыз. Бүгінгі таңда Қазақстан жетекші экономикалық аймақ ретінде танылуда. Өз кезегінде Румыния ынтымақтастықты нығайту үшін Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасында көпір болуға дайын»,-деді Румыния Парламентінің депутаттар палатасы төрағасының орынбасары.
Болгари халықтық жиналысының депутаты, ЕҚЫҰ ПА миссиясының бақылаушысы Десислава Атанасова Қ.Тоқаевпен болған кездесуінде ұзақмерзімді жан-жақты ынтымақтастықты нығайту туралы айтты.
Оның ойынша, мемлекеттің гүлденуінде мықты әрі ақылды көшбасшының алатын орыны ерекше. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ел ішінде халықты шоғырландыра білді және маңызды геосаяси үрдістерде де маңызды рөлге ие, деді депутат.
Осы күні Парламенттің жоғарғы палата депутаттары АҚШ, Польша және Түрік ПА бақылаушыларымен кездесулер өткізді.