ИЫҰ бақылаушылары ҚР-дағы сайлауға дайындықтың деңгейін жоғары бағалады
18.03.2016
2874
Ислам ынтымақтастық ұйымы бақылаушылары ҚР-дағы сайлауға дайындықтың деңгейін жоғары бағалады , деді Ислам ынтымақтастық ұйымының саяси мәселелері туралы департамент директоры Әли Аболхассани ОКҚ-дағы брифингте.
«Біз ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловпен кездестік, ол сайлауды өткізу мен дайындық шаралары туралы қысқаша түсіндіріп өтті. Біздіңше, бұл тарихи оқиғаға барлығы сақадай сай», - деді ол.
Бақылаушының айтуынша, ол Қазақстандағы сайлауға екі рет қатысып, дайындық шараларын көрген болатын.
«Мен өз тәжірибеме сүйене отырып, аталмыш сайлау жоғары дәрежеде өтіп, қазақстандықтар саяси сауаттылығын тағы бір мәрте көрсететініне сенімдімін», - деді А.Аболхассани.
Ботагөз Айтжанова