2015 жылы Қазақстандағы мұнай өңдеу көлемі 16 млн. тоннаға жетті

17.03.2016 3328

2015 жылы Қазақстан Республикасындағы мұнай өңдеу көлемі 16 млн. 295 тоннаны құрады, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев ОКҚ өткен баспасөз конференциясында.

«2015 жылы мұнай өңдеу көлемі 16 млн. 295 тоннаны құрады. 2016 жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдай бойынша компанияның Қазақстанның жекелеген мұнай өнімдері нарығындағы үлесі  16 %-ды құрады. 2018-ші жылға қарай нарық үлесін 20 %-н, ал, 2020 жылға қарай 32 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда»,-деп хабарлады С.Мыңбаев.

Оның айтуынша, ҚазМұнайГаз ұлттық оператор ретінде ҚР Энергетика министрлігінің кестесіне сәйкес әлеуметтік маңызы бар мұнай және мұнай өнімдерін төмен бағада шығарады.

«Жыл сайын «Қазмұнайгаз – маркетинг және өңдеу» АҚ-ы көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім кезінде жизелдік отынды ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін арзандатады. Сонымен қатар, жылыту маусымы басталған кезде әлеуметтік-өндіруші нысандар мен ҚР-ң мекемелеріне мазут та төмен бағада беріледі. 2015 жылы ауыл шаруашылығына 120 мың тонна дизел отыны мен жылыту қажеттілігіне 24 мың тонна мазут жеткізілді»,-деп түсіндірді ол.

Анара Таныркулова