ЕАЭО-да шырындар бойынша 25 жаңа стандарт қабылданады

17.03.2016 2552

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында ЕЭК кеңесінің төрағасы Тигран Саркисян жетекшілігімен сауда саласы, кедендік ынтымақтастық, техникалық реттеу, энергетика мен инфрақұрылым салалары қарастырылды.

Көбінесе, ЕЭК алқасында инфрақұрылым саласы қарастырылып, Комиссяи Кеңесінің Қырғызстаннан Қазақстанға ЕАЭО мемлекетінің аумағы арқылы жүк темір жол көлігімен бірыңғай тариф қолдану жобасын мақұлданды, деп ЕЭК баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бұл тарифтерді қолдану өзара түсiнiстiк принциптерi негiзiнде жүзеге асырылатын болады және темір жол көлігінің тәртібін реттейтін қол жеткізу ережелерін Қырғызстанда жүзеге асыруда қолданылады»,-деп хабарландыруда айтылған.

ЕЭК алқасы техникалық реттеу саласында «Парфюмерия қауіпсіздігі және косметикалық өнімдер туралы» шешім қабылдады. Ереженің талаптарына сәйкес міндетті парфюмерия және косметикалық өнімдер сәйкестігін растайтын құжаттар анықталды. ЕАЭО парфюмерия және косметика нарығының қатысушылары жаңа жағдайға бейімделуге тиісінше уақыт алды.

ЕЭК алқа мүшелері мемлекет аралық стандарттарды әзірлеу бойынша бағдарламасына өзгерістер енгізді.

Бұл шешім ЕЭК алқасында бұрындары бекітілген Бағдарлама толық көлемде орындалуына орай қабылданды – мемлекет аралық 32 стандарт қабылданды. Жаңа Бағдарламаға 25 мемлекет аралық стандарттар енгізілді. Олар Ресейде 2016-2018 жж әзірленетін болады.