Австриялық өндірушілер делегациясы елдің даму бағдарламасымен танысу үшін Қазақстанға келді

15.03.2016 2964

Бүгін Қазақстанның Автриядағы елшілігінің көмегімен Астанаға австриялық өндірушілер делегациясы Австрияның өндірушілер ұйымының президенті Георг Капштің төрағалығымен келді. Сапар 15-16 наурызда Астанада, ал 17 нарузыда Алматыда жалғасады.

ҚР СІМ хабарлағандай, австриялық делегация құрамында төрт ірі компанияның делегациясы, оның ішінде Kapsch Group, Engel Holding, AVL List және Böhringer Ingelheim RCV бар.

Австриялық  делегация Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылап, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың жолымен танысу мақсатында келді.

«Австрияның өндірісшілер ұйымы Қазақстанмен ынтымақтастықты қолдауды дамытуға мүдделі», - делінген хабарламада.

Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбекпен кездесу жоспарлануда, австриялық делегацияны қала әкімі қаланың даму жоспарымен таныстырмақ.