Ерлан Жүніс
Анықтама:
Ерлан Жүніс 1984 жылы дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білім – жоғары.
2007 жылы Тараз қаласындағы М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Әлем тілдері» факультетін тәмамдаған.
2001 жылы «Жыр перзент» жинағы жарыққа шықты.
2007-2009 жылдар аралығында «Кентавр» әдеби апталығында , 2009 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде, 2011 жылы Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінде қызмет еткен. Қазір Қазақстан Жазушылар Одағында референт-әдеби кеңесші қызметінде.
Жетістіктер:
2001 жылы «Абай оқуларында» Бас жүлде;
2006 жылы Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Әдебиет» аталымы бойынша Гран-При және «Ең дарынды өнерпазға» арналған Президент Кубогі;
2009 жылы Халықаралық «Бір өлең – бір әлем» мүшәйрасында 1-ші орын;
2013 жылы Төле бидің 350 жылдығына арналған Республикалық мүшәйрада 1-ші орын;
2012 жылғы Мемлекеттік Стипендия иегері;
«Біз – «Алтын ғасыр» дәуірінің ұрпағымыз. Осы кезеңде еркін өстік, оқыдық, жетілдік. Мұның барлығы Елбасымыздың арқасы, мемлекетіміздегі бейбітшілік пен келісімнің, тұрақты дамудың жемісі деп білеміз.Қазір «Алтын ұрпақ» өсуде, қалыптасуда. Олар – менің замандастарым.Біздің өміріміздегі және шығармашылығымыздағы ең көсем идеямыз – Тәуелсіздік. Отаншылдық пен мемлекетшілдік, тарихи зерделілік пен рухани сергектік – өмірлік ұстанымым.Ұлттық ойлау жүйесі мен ұлттық мінез-құлық, дүниетанымды «бренд» ретінде көтере отырып ұлт әдебиетін көркейту, «алтын ұрпақтың» жаңа рухани эстетикасын қалыптастыру, әлем кітапханаларынан өз орнымды табу – шығармашылық миссиям», - деді Е. Жүніс.