Мысырлық ірі «Әл-Ахрам» медиа холдингінің басшысы Еурзиялық медиа форумға қатысады
12.03.2016
3129
Мысырдағы Қазақстан елшісі Берік Арын Таяу Шығыстағы және араб әлеміндегі ең ірі межиа холдингтің бірі «Әл-Ахрам» басшысы Ахмед Ан-Наггармен кездесті.
Кездесу барысында Б.Арын «Әл-Ахрам» басшысына ХІІІ Еуразиялық медиа форумына шақыртуды табыстады, ол Астанда 20-22 сәуірде өтеді. Тараптар екі елдің өзара қарым-қатынасы мен медиалық-ақпарат саласын талқылады, деп хабарлады СІМ.
Қазақстандық дипломат ҚР-дағы маңызды ішкі шаралар туралы айтты. Оның ішінде парламенттік сайлау мен осы жылы мерекеленетін Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және «ЭКСПО-2017» көрмесі.
«Медиа-Холдинг жетекшісі аталмыш форумға қатысатынын мәлімдеді. Ол жақында өткен Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің Қазақстанға жасаған сапарына жоғары баға берді. Ол екі елдің дамуына серпін бергені анық», - делінген хабарламада.