Британияның ірі компаниялары «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықта болуға мүдделі

11.03.2016 2996

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов жұмыс сапарымен Лондонда жүр, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы.

Қайрат Келімбетов сапарының аясында британдық үкіметтік сала басшыларымен кездесулер өткізді. Олардың қатарында ЕБРР президенті Сума Чакрабарти, Лондон қаласының бұрынғы лорд-мэрі Дэвид Вуттон, Innovate Finance, Clifford Chance, Boston Consulting Group (BCG), Goldman Sachs, UBS, Morgan Stanley, PricewaterhouseCoopers, JPMorgan   компанияларының басшылары және тағы басқалар бар.

Кездесу барысында Қ.Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) жобасы туралы және оның мақсат-мінтеттері мен негізгі қызметі туралы британдық серіктестерін ақпараттандырды. АХҚО англосаксондық құқық жүйесі негізінде ерекше еркін қаржы құқықтық аймақ режимін ұсынады.

Өз кезегінде британдық бизнес-қоғамдастық басшылары АХҚО-мен ағылшын құқық қағидаты базасы негізінде нормативтік-құқықтық ынтымақтастықта болуға мүдделі екенін айтты.

Қ.Келімбетов сондай-ақ, британдық банк секторы басшыларымен, Green Investment Bank компаниясының басшысымен,  ЭКСПО-2017 көрмесі бойынша Британ өкілдігімен, Лондаон қор биржасы және темір биржасы директорлар институтының басшыларымен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша, британдық тараппен екі жақтың мүддесі үшін тығыз байланыста болу келісілді.

«Лондондағы ең негізгі шаралардың бірі Ұлыбританиядағы ҚР елшілігі ұйымдастырған «Астана» халықаралық қаржы орталығына арналған форум болды. Оған британдық және халықаралық іскер жетекші салалардың басшылары, инвестициялық компаниялардың басшылары, БАҚ өкілдері және басқалар қатысты»,-делінген хабарламада.

Қ.Келімбетов АХҚО ҚР Н.Назарбаевтың  бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламысына байланысты қаржылық орта қалыптастыру мен Қазақстан экономикасына шетелден инвестиция тарту  ақсатында құрылғанан атап өтті.