ЕЭК ЕАЭО елдері азаматтарының әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде
Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында Еуразия экономикалық комиссиясының экономика және қаржы саясаты бойынша алқа мүшесі Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен Консультативтік комитеттің әлеуметтік қауіпсіздік, зейнеткерлік құқықты сақтау, медициналық көмек көрсету және ЕЭК жанындағы Коллегияда мемлекет-мүшелерінің кәсіби қызметі бойынша екінші отырысы болды.
Т.Сүлейменов отырысты аша отырып, Сабағаттық комимтет аясында өткізіліп жатқан маңызды жұмыстарды атап өтті.
Сабағаттық комитеттің жауапты хатшысы, ЕЭК-тің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Самат Алиев мемлекет-мүшелерінің ЕАЭО қызметкерлері үшін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша келісім-шарт жобасын айтып өтті. Қазіргі кезде ол ішкі мемлекеттік келісімде жатыр.
«Сабағаттық комитеттің мүшелері міндетті медициналық сақтандыру аясында ЕАЭО елдерінде көрсетіліп жатқан медициналық көмекті талқылады. Медициналық көмек көрсету саласында туындаған мәселелер бойынша ЕАЭО елдерінің денсаулық сақтау министрліктері өкілдерінің қатысуымен жиналыстар өткізілді»,-деп хабарландыруда айтылған.
Сонымен қатар, Ресей Ферерациясының әлеуметтік сақтандыру қоры «Еуразия экономикалық одақ мемлекеттерінде әлеуметтік сақтандыру. Тәжірибе, мәселелер, болашақ» атты халықаралық конференцияны өткізу туралы бастама айтты. Комитет мүшелері бұл бастаманы қолдап, оны 2016 жылдың мамыр айында өткізуді жоспарлауда.
Сабағаттық комитеттің мүшелері мемлекет-мүшелерінің еңбек заңнамасының негізін жасау принциптерін талқыланды.