ИИДМБ: Жамбыл облысында қуаттылығы 53,75 МВт жел электр қуатын өндіру жобасы жүзеге асырылады
11.03.2016
2579
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қордай ауданының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы айтты.
Қайрат Досаевтың айтуынша, екінші бесжылдық мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ауданда 2015-2019 жылдарға индустрияландыру картасына жалпы жобалық құны 58,4 млрд. теңгеге, 4 жоба енгізіліп, іске асырылуда.
Оның бірі Қордай асуында «Ветро Инвест» ЖШС-мен 12,9 млрд. теңгені құрайтын 53,75 МВт өндіріс қуаттылығымен жел электр қуатын өндіру жобасы 2016 жылы іске асырылып, 13 тұрақты жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда. Есепті кезеңде 19 құрылғы орнатылып, 4-і монтаждалды.