Е.Ыдырысов: ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңесті құру – мекеме ашықтығын арттырудың бір қадамы

10.03.2016 2767

ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық Кеңесті құру – мекеме ашықтығын арттырудың бір қадамы, деп ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қоғамдық кеңестің (ҚК) жаңа отырысында айтып өтті. Ол а.ж. 29 ақпан айында ҚР СІМ жанында құрылды.

Қоғамдық кеңестің отырысын аша отырып, Е.Ыдырысов ҚК құру кезіндегі мемлекеттік органдардың жұмыс маңыздылығын айтып өтті. Олардың жоғарылығы мен ашықтығын атап өтті.

«Біз бұл жерде пионерлер секілдіміз. Сол себепті Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріндегі бастамасы қоғамдық ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылау деңгейін көтеру мәселесіне жауапты қараймыз. Қазақстанның құрылыс жолында жоғары даму, жоғары технология, өзіне-өзі жеткілікті болу, либералдық қоғам күш-жігердің ажырамас бөлігі болып табылады және олар 30 дамыған елдердің бірін бейнелейтін болады.

Министрліктің баспасөз қызметінде хабарлағандай, ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамында әр түрлі мамандықтың өкілдері кірді. Олар қазақстан бойынша барлық саланы қамтыған. Осылайша, Қоғамдық кеңес мүшесі болып Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері-Қуаныш Сұлтанов, Бірғаным Айтимова, Уәлихан Қонырбаев кірді. Қазақстанның академиялық  топтары Кеңесе сарапшылардың мүшелігі арқылы орын тапты, олар Болат Сұлтанов, Сұлтан Ақымбеков, Ерлан карин.  Қазақстанның сыртқы саясатының экономизациясына орай, ҚК мүшесі болуға «Алтын Қыран» Бас директоры Исламбек Салжанов және KAZENERGY Ассоциациясының төраға орынбасары Жамболат Сарсенов көрсетті. Сонынмен бірге Кеңеске атақты журналистер «Айқын» және «Литер» қоғамдық-саяси газетінің директоры Алан Әжібаев және Еуразиялық кеңестің халықаралық қатынастар департаментінің директоры, Қазақстанның интернет желілеріндегі блогер Жанмболат Үсенов қызығушылық білдірді. Кеңесте жас заңгер Лилия Испенбетова болды.

Кеңестің негізгі бағыты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуы . Олар: «АРГО» атқарушы директоры Жамилә Асанова, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов, Қазақстанның Асзаматтық Альянс президенті Нұрлан Ерімбетов, Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, Еуразиялық Адам құқықтары орталығының төрағасы Енлік Нұрғалиева, Қостанай филиалындағы Қазақстандық  Халықаралық Адам құқықтары жөніндегі бюросы мен заңдылықты сақтаудың  директоры Анастасия Миллер, Қазақстанның Интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров.

Отырысқа қатысушылар 2016 жылғы Жоспарға сәкес бірлесіп жұмыс істеуге, барлық шешімдерін үйлестіруге,  Мемлекет басшысының тәжірибелік  мазмұнды  бастамасымен толтыру үшін арнайы ad-hoc кездесуді жүзеге асыруға келісті.