Көкшетауда 600 тоннадан астам өнім ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде сатылды

07.03.2016 3171

Көкшетауда ауыл шаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Ол жерде 121,1 млн теңгенің 561,5 тонна өнімі сатылды, деп Ақмола облысының ІСБ жанындаңы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлайды.

Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Шортанды ауданының және Көкшетау қ. ауыл шаруашылығы өнімін шығарушылар 48 өнім түрін ұсынды. Сонымен қатар, Аршалы ауданының «Ижевский» ӨК, Бурабай ауданының «Береке Агро» ЖШС, Еңбекшілер ауданының «КазГер Кус» ЖШС, Целиноград ауданының «Capital Project Ltd» ЖШС-сы жеке шақырылды.

Айта кететін жайт, ауыл шаруашылығын өндірушілер жәрмеңкесінде келесі өнімдер болды: ет және шұжық өнімдері – 76,8 тонна, балық – 1,7 тонна, жұмыртқа – 265 мың дана, сүт және сүт өнімдері – 18,2 тонна, ұн – 64 тонна, кәртоп – 35,5 тонна, көкеністер – 45,2 тонна, жүгері өнімдері – 15,5 тонна, қант-5,3 тонна, май-литірлі 16,5 тонна.