С.Мыңбаев Елбасына ҚМГ-нің 2015 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндады

03.03.2016 2614

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

С.Мыңаев Мемлекет басшысына ұлттық компанияның 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен таяу келешекке арналған жоспарлары туралы баяндады.

Кездесуде қаржы-өндірістік қызмет мәселелері қозғалып, компанияны дамытудың негізгі бағыттары бойынша дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.