Сенат «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Бүгін ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында палата депутаттары «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
"Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалып, экономиканың тиімділігін арттыру мен құрылымын ұзақ мерзімді өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ететін сапалы еңбек нарығын құруға бағытталған. Оны әзірлеу барысында Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қағидалары есепке алынып, сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің тәжірибелері зерделенді", - деді Т.Дүйсенова.
Жауапкершілігін күшейте отырып, жұмыссыз статусын беру рәсімін өзгерту. Жұмысқа орналасу мақсатымен жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жеке тұлғаға ең алдымен жұмыс іздеуші тұлға статусы беріледі. Жұмыс іздеп келген адамға 10 күнде нарықтағы бос орындар ішінен тиісті жұмыс орнын іздеуге көмек көрсетіледі.
Егер осы уақыт аралығында көзделген жұмыс табылмаса, бұл адамға жұмыссыз статусы беріліп, жұмыс іздеуші жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберіледі, сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз тұлға үшін ЭЫДҰ-ға құрамдас мемлекеттер мен көптеген Еуропа елдерінде қолданылып жүрген жұмысқа орналастырудың жеке картасын әзірлейтін болады.