Сенат Словакиямен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады

03.03.2016 2561

ҚР Парламент Сенатында өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

«Келісім қолайлы құқық құруға және инвестицияларды көтермелеп, қорғау, инвестициялық климатты жақсатру мен екі ел арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі басқаруға бағытталған»,-деп ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев айтып өтті.

Айта кетейік, келісім Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететін болады, екі ел арасындағы өзара инвестицияларды ынталандыруға және одан әрі дамуға зор мүмкіндік береді.

Келісім 10 жылға жарамды болып келеді және оны одан әрі ұзарту мүмкіндігі бар.