Есеп комитеті 2015 жылы 303 нысанда 29 бақылау іс-шарасын өткізді

02.03.2016 2650

Есеп комитеті 2015 жылы 303 нысанда 29 бақылау іс-шарасын өткізді. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин ОКҚ брифингi барысында мәлiмдедi.

«Жалпы айтқанда есептi кезеңде есеп комитетi 29 бақылау iс шарасын өткiздi. Бiз 303 бақылау объектiсiн, соның iшiнде 12 мемлекеттiк орган мен олардың ведомстволарын қамтыдық. 5 өңiрде кешендi тексерулер жүргiздiк», - деді ол.

«Бюджет және өзге де заң бұзушылықтар үшiн 75 заңды тұлға, 62 лауазымды адам әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылса, 200-ден астам адам тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды. 40 материал құқық қорғау органдарына берiлдi«, - дедi Қ.Жаңбыршин.

Оның айтуынша, мемлекеттiк органдарға, басқа да бақылау объектiлерiне 46 ұсыным мен 180 тапсырма берiлдi.