ИИДМБ: Отандық өндірістегі электровоздың құрастырылуы (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Жүк және жолаушылары электровоздарын өндіретін француздық Alstom Transport (Электровоз құрастыру зауыты) технологиясы бойынша құрылған 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Кәсіпорын «Астана-жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан.
Аталмыш жобаның негізіне «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы мен француздық «Alstom» концерні және ресейлік «Трансмашхолдинг» машина құрастыру холдингі арасындағы ынтымақтастық бекітілген.
«Бүгінде зауыт аз уақыт ішінде көрсеткіштерін жақсартты. Нәтиже өте жоғары. Зауытта 400 қызметкер жұмыс істейді. Олар Қазақстан мен экспорт үшін өнім шығарып отыр. Бұл зауыттың мақсаты локальді өндірістен технология мен өндірісті дамытуға бағытталған», - деді компанияның бас директоры А. Пупар-Лафарж.
«Электровоз құрастыру зауыты» Alstom ортақ жүйесін енгізуге мүдделі.
«Біз үшін басты мақсат – өнімді жергіліктендіру. Біз 25 пайыздан 50 пайыздық жергіліктендіруге көуды ойластырып отырмыз», - деді А Пупар-Лафарж.
Жүк және жолаушылар электровозын өндіруші зауыт Alstom Transport француз компаниясының технологиясы бойынша салынды, ол 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Кәсіпорын «Астана – жаңа қала» экономикалық аймағында орналасқан.
Аталмыш жоба негізінде «Қазақстан темір жолы» мен «Alstom» француз компаниясы арасындағы серіктестік жатыр.
Аталмыш жобаның маңызды бөлігі өнімді жергіліктендіру болып табылады. Кедендік одақ аясында өндірілетін өнім топтамасын жүзеге асыру, 2020 жылға таман жергіліктендіру деңгейін 80 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Alstom президенті Анри Пупар Лафардждің айтуынша, Қазақстанда инвестицияға қолайлы жағдай жасалған. Бұл өз кезегінде ұзақ мерзімдік серіктестік орнатуға мүмкіндік әпереді. ЭКЗ жаңа технологияларды меңгеру қазақстандық машина жасау саласындағы көшбасшылық ролін атқаруына жетістіреді. Қазақстандық локомотивтерді әлем нарығына экспортқа шығаруға кепілдік етеді. Зауыттағы қазақстандық үлесті көбейту 2020 жылға қарай 70 пайызды құрайтын болады.
Қазіргі таңда Қазақстанның темір жолдарында сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүретін әлемдегі ең қуатты болып саналатын KZ-8А сериясындағы 31 жүк локомотиві жүйткіп жүр. Сондай-ақ, сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүретін алды дана KZ-4АТ жолаушылар локомотивтері халыққа қызмет көрсетуде.
Қазіргі таңда зауыт аумағында электровоз тартым трансформаторын да шығару жоспары бар. Бұл өз кезегінде тағы да 100 жұмыс орнын ашуға ықпал етеді.
Франсуздың Alstom концерні ҚТЖ –дан 25% қосымша үлес алып, бірлескен кәсіпорындағы жалпы үлесін 50 %-ға жеткізді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Трансмашхолдинг» ЖАҚ –қа 25% акциядан қалды.
Сондай-ақ, осы жылы ЭҚЗ құрастыру желісі 19 жүк және 2 жолаушылар электровозын өндіріп, келер жылдан бастап Әзірбайжанның берген тапсырысы бойынша машина құрастырмақ.
Айта кетейік, Alstom – ірі француздық машина құрастыру компаниясы, энергетикалық қондырғы мен темір жол транспортын өндіретін әлемдегі ең ірі кәсіпорынның бірі.
Ботагөз Айтжанова
Сурет: Азамат Әлиев