Сенатта ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми қатысушыларына арналған жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы заң жобасы қаралды
Парламент Сенатының қаржы мен бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасында ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің ресми қатысушыларына арналған жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы келісімді ратификациялау» заң жобасы қаралды.
«Мемлекет басшысының 2015 жылы парижге барған сапары аясында Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми қатысушыларына арналған жеңілдіктер мен артықшылықтар туралы келісім орнатылды. Ратификация мен ЭКСПО тәжірибесін өткізудің халықаралық тәжірибесіне сай көрменің ресми қатысушыларына елдің өкілдіктерін таныстыруға жағдай жасау мақсатында жеңілдіктер мен артықшылықтар бекітілді», - деді ҚР Сыртқы істер вице-министрі Алексей Волков.
Оның айтуынша, 21 бап пен келесі жеңілдіктерді қарастыратын келісім 3 тараудан тұрады.
«Салық төлемінің барлық түрлерінен босатылуы және секция коммисарлары мен қызметкерлер штаты; секцияның офистік коммисарын кедендік төлемдерден босату; көрмеге қатысушы секция персоналдарына, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне жылдық көп мәртелі виза беру; аталмыш келісім комиссардың отбасы мен секция қызметкерлеріне жасалып отырған жеңілдіктерді қарастырады; БҰҰ-ң 1968 жылдың 8 қарашасындағы и жол қозғалысы конвециясына сәйкес ресми қатысушылардың ҚР аумағында көлік жүргізу куәліктері жарамды болады. ҚР мемлекеттік органдары мен ресми қатысушылардың өзара әрекеттесуі үшін, қазақстандық тараптың тиімді мемлекеттік қызмет көрсетуі үшін бір тезе қағидаты бойынша тәулік бойынша жұмыс істейтін жеке орталық құрылады. Аталмыш келісімге сәйке, жеңілдіктер ҚР Парламентінің ратификациясынан соң, яғни, 2016 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді және 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды болады», - деп түсіндірді ол.
Заң жобасы ҚР Парламентінің жоғары палатасының кеңейтілген отырысында қаралатын болады
Анар Тәңірқұлова