Жамбыл облысында барлық деңгейлі мәслихаттар депутаттығына 75 үміткер тіркелді
12 ақпандағы жағдай бойынша Жамбыл облысында мәслихат депутаттағына 360 үміткер ұсынылды, 75 кандидат тіркелді, деп хабарлады Жамбыл облысының сайлау комиссиясының төрағасы Махметқали Сарыбеков Strategy2050.kz АА берген экслюзивті сұхбатында.
«12 ақпанда облыстық мәслихат бойынша 360 кандидат ұсынылды, оның 10 адам өтті. Аудандық мәслихаттарға 288 адам ұсынылды. Олардың -57-і тіркелді, Тараз қаласының мәслихаты бойынша 36 адам ұсынылды, оның 8 кандидаты тіркелді. Облыстың барлық деңгейлі мәслихаттары бойынша 360 кандидат ұсынылды. Ол бойынша 75 адам тіркелді», - деді М.Сарыбеков.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы айтқандай, алда кандидаттарды тіркеу белсенді жүзеге асады.
Жамбыл облыстық өңірлік комиссия Орталық сайлау комиссиясының кестесіне сай шараларды өткізуде.
«Жамбыл облыстық өңірлік комиссия Орталық сайлау комиссиясының кестесіне сәйкес шараларды жүзеге асыруда. Өткен аптада ауқымды облыстық семинар өткіздік. Келесі аптада аудандарда өткіземіз. Облыстық сайлау комиссияларының мүшелері кесте бойынша семинар-кеңестер өткізді», - деді М.Сарыбеков.
Облыстық сайлау комиссиясының үрдісін қаржыландыру 373 млн 442 мың теңгені құрады. Республикалық бюджеттен бөлінді.
Ботагөз Айтжанова