15 ақпаннан бастап Қарағанды облысында «Саламатты Қазақстан» медициналық поезы жұмысын бастайды

12.02.2016 2985

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде «Ағымдағы жылғы 15 ақпаннан бастап Қарағанды облысында «Саламатты Қазақстан» медициналық поезы жұмысын бастайды» тақырыбында брифинг өтті. Спикер болып Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов сөз сөйледі.

15 ақпан күні шағын стансалар мен оларға таяу орналасқан елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсету үшін Қарағанды стансасынан «Саламатты Қазақстан» консультативті-диагностикалық медициналық поезы жолға шығады. Ағымдағы жылы өзінің алғашқы сапарында медициналық поездың дәрігерлері Қарағанды облысының 19 стансасын аралайды.

Ағымдағы жылғы 15 ақпан мен 16 наурыз аралығында поез мына кестеге сәйкес Қарағанды облысының елді мекендерінде қызмет көрсетеді:Поездың одан кейінгі қозғалысы туралы ақпарат халықтың назарына қосымша ұсынылады.

«Саламатты Қазақстан» медициналық поезы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бірлесіп іске қосқан үш медициналық поезының бірі.

««Медициналық поездар» жобасы – бұл шалғай елді мекеннің тұрғындарына жоғары санатты медициналық көмек көрсетуге мүкіндік берген еліміздің тарихындағы теңдесі жоқ әлеуметтік жоба. 2010 жылы «Денсаулық» поезы  «№ 1 әлеуметтік-жауапты жоба» ретінде «Жыл таңдауы – 2010» ұлттық сыйлығының және  «Жылдың ең үздік әлеуметік жобасы» - «Парыз» әлеуметтік жауапкершілік бизнес  байқауының жеңімпазы атанып, жоғары қоғамдық құрметке ие болды», - деді ол.