Н.Алашбаев: 100 қадам – бұл мемлекеттің демократиялық және экономикалық тұрғыда дамуының жоспары
Ұлт жоспары – 100 қадам – бұл жай қадам емес. Бұл мемлекеттің демократиялық және экономикалық тұрғыда дамуының жоспары, деп есептейтінін айтты «Агрофирма Алаш» ЖШС-ң директоры Насыр Алашбаев Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.
«Кезектен тыс ҚР Парламант Мәжілісі депутаттарын сайлау дәл уақытында шығарылған шешім, деп есептеймін. Президент Н.Назарбаевтың 5 институционалды реформа мен Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламаларын жүзеге асыратын шақ. Ұлт жоспары – 100 қадам – бұл жай қадам емес. Бұл бұл мемлекеттің демократиялық және экономикалық тұрғыда дамуының жоспары. Егер, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау күзге қалатын болса, Мәжіліс жүктелген міндетті бастап, аяқсыз қалдырған болар еді. Сондықтан, кезектен тыс сайлау өткізу дәл уақытында шығарылған шешім. Төменгі палатаның жаңа құрамы алға қойылған міндеттерді реформалауды тың идеялармен, тың күшпен бастайды»,-дейді Н.Алашбаев.
«6 саяси партия ОСК өз құжаттарын ұсынды және «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімінен құрамның жаңарғанын байқауға болады»,-деп атап өтті кәсіпорын директоры.
«Депутаттыққа үміткер ретінде жастар көптеп келіп жатыр. Олар еліміздің дамуына тың серпін әкеледі, деп үміттенеміз», - дейді Н.Алашбаев.
Сондай-ақ, «Агрофирма Алаш» ЖШС-ң директоры кәсіпорынның жаңа экономикалық жағдайға байланысты атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды.
«Әлемдік дағдарыстың салқынын біз де белгілі деңгейде сезінеміз. Бірақ, барлық тарап бойынша өніміміздің бағасын көтерген жоқпыз. Мәселен, кәсіпорын жұмысшылары мен ауыл тұрғындарына, зейнеткерлерге және жұмыссыздарға бір бөлке нан 20 теңгеден сатылады. Біз бидай, ет және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін өндіреміз»,-деді Н.Алашбаев.
Ботагөз Айтжанова