А.Жүнісов: Қызылдорда облысында 400 мыңнан астам сайлаушы бар

06.02.2016 3738

2016 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қызылорда облысында сайлаушылар саны 405 736 адамды құрады, деп Қызылорда облысы сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлімдеді.

«2016 жылдың 20 наурызында өтетін  ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат сайлауын Қызылорда облысы бойынша  9 аумақтық, 29 облыстық округтік, 118 аудандық және қалалық, сондай-ақ 350 сайлау учаскелері жүзеге асыратын болады. Оның  ішінде 24 сайлау учаскесі «жабық» форматта, 13-і қаланың емдеу мекемелерінде, әскери бөлімде-2 , уақытша ұстау изоляторында-1   және шалғай елді мекендерде 8 учаске  орналасқан»,-деді А.Жүнісов.

Айта кететін жайт, ауданда 2016 жылдың  4 ақпанына сәйкес  сайлаушылар саны 405 736 адамға жеткен.  

«2016 жылдың 26 қаңтарында «Сыр бойы» мен  «Қызылординские вести» облыстық  газеттері,    сондай-ақ аудандық және қалалық баспасөзде  сайлау комиссиясының орналасқан орны, сайлау округінің аумағы мен сайлау учаскелері, сайлау комиссиясының құрамымен олардың байланыс телефондары, мекен-жайлары мен пошталары көрсетілген ақпарат жарияланды»,-деді ол.

Төрағаның айтуынша, 2016 жылдың 23-25 қаңтар аралығында   округтік сайлау комиссиясы мен облыстық саулау комиссиясында төрағалар, төрағалардың орынбасарлары мен аумақтық хатшыларға арналған  семинарлар өткізілді. Шарада  алда болатын сайлауға дайындық  мәселелері  талқыланды.

Сондай-ақ,  2016 жылдың 15 ақпанынан 23 ақпанына дейін облыстық сайлау комиссиясы аудандық қайта дайындау  орталығы мен мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, бюджет саласының қызметкерлерімен бірігіп  төрағалар, төрағалардың орынбасарлары мен аумақтық хатшыларға арналған  көшпелі оқыту-семинарларын өткізуді  жоспарлап отыр.

Ботагөз Айтжанова

Жеке мұрағаттан алынған сурет