Сенат ҚР мен Германия арасында тұлғаларды қабылдау мен транзит туралы келісімді ратификациялады

04.02.2016 2264

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы арасында тұлғаларды қабылдау мен транзит туралы келісімді ратификациялау» заң жобасы қабылданды.

 «Келісім 2009 жылдың 10 желтоқсанында Берлинде қабылданған болатын. Екі елдің атынан құжатқа Германия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері қол қойған болатын. Аталмыш құжат елдер шекарасында болған азаматтардың тәртіп бұзушылықтарын анықтап, қайтару жолына бағытталған», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Марат Демеуов.

Оның айтуынша, бұл санатқа шекараға заңсыз немесе заңды түрде шыққан азаматтар жатады. Келісімді ратификациялау  заңсыз көші-қонды тоқтатуға септігін тигізеді.

«Келісімді ратификациялау  заңсыз көші-қонның алдын алуға мүмкіндік береді. Халықаралық құқыққа сәйкес өзге елдің шекарасындағы тұлғаларды қайтаруға мүмкіндік бермек», - деді М.Демеуов.

Индира Кауметова