«Ауыл» ХДПП кезектен тыс XII съезінде партияның сайлауалды бағдарламасы бекітіледі
01.02.2016
3495
Бүгін, 1 ақпан, Мемлекет басшысының ҚР Парламент Мәжілісінде мерзімінен бұрын сайлау өткізу шешімін қабылдауына орай, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы кезектен тыс XII съезін бастады.
«Ауыл» ХДПП кезектен тыс XII съезі аясында съездің жұмыс орындарын жоспарлау, сондай-ақ ҚР Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауына партияның қатысуы мен «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасын қабылдайды.
Сондай-ақ, партия съезі барысында «Ауыл» ХДПП тізімі бекітіледі. Саяси кеңес құрамын өзгертіп, орталық тексеріс комиссиясының сайлауын бекітеді.