Н.Назарбаев: Жаһандық дағдарысқа қарамастан, біз халық алдында берген уәдемізді орындаймыз
29.01.2016
3910
Әлемдік дағдарыс кезінде де халық алдында берген уәдемізді орындаймыз. Ал бұл жұмыс қазіргі күні барлық мемлкеттің қолынан келе бермейді. Бұл жөнінде Астанада болып жатқан «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтып өтті.
«Өздеріңіз білетіндей Жолдауда берген бұйрығыма орай, а.ж. 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау қызметкерелерінің жалақысы орташа есеппен 28%-ға, білім беру 29%-ға және әлеуметтік қорғау 40%-ға өсті. Сонымен қатар, жыл басынан бері мүгедектік, шәкіртақы, табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақы 25%-ға ұлғайды»,-деді Елбасы.
«Осылайша, әлемдік дағдарысқа қарамастан, экспорттық өнім бағасы төмендеді, біз халық алдында қойған барлық міндеттерімізді орындап шығамыз»,-деді Н.Назарбаев.