ЭКСПО-2017 Тұрақты даму апталығы аясында Әбу-Дабиде таныстырылды
Қазақстандық делегация Әбу-Дабидегі (IRENA) баламалы энергия көзі жөніндегі Халықаралық агенттік ассамблеясының 6-шы сессиясы мен Болашақ энергиясы Дүниежүзілік саммитінің 9-шы отырысына қатысуда, деп хабарлады СІМ.
21 қаңтарға дейін созылатын Саммиттің негізгі тапсырмалары әлемнің энергетикалық трансформациясының жолдарын талқылау мен болашақтың энергиясын қалыптастыру бойынша бірлескен шешім қабылдау болып табылады.
ЭКСПО-2017 комиссары хатшылығының жетекішісі Азамат Әбдраимов Қазақстанның аталмыш форумдарға қатысудағы басты мақсаты елдің «жасыл экономикаға» көшуі мен «Болашақтың энергиясы» атты ЭКСПО-ның тақырыбын таныстыру.
Сапар барысында делегация (IRENA) баламалы энергия көзі жөніндегі Халықаралық агенттігінің атқарушы директоры Мұхаммед әл – Фарнаванимен, «DUBAI EXPO-2020» ұйымдастырушы комитетінің вице-президенті, БАӘ Ұлттық медиа кеңесінің бас директорының орынбасары Омар Шехадех пен бірқатар елдердің энергетика министрлерімен кездесті.