Т.Тайтүлеев: Мерзімінен бұрын болатын сайлау елдің тұрақтылығын нығайтуға оң әсер береді

18.01.2016 2272

Мерзімнен бұрын болатын сайлау елдің тұрақтылығын нығайтуға оң әсерін тигізеді. Бұл жөнінде энергетика және электронды технология мемлекеттік колледжінің директоры Төлеуғали Тайтүлеев айтып өтті.

«Жаңа сайлау біздің мемлекетіміздің тұрақтылығына үлкен әсер тигізетініне сенімдімін».

Экономикамызда тәртіп, тұрақтылық болу үшін, міндетті түрде жаңа күш, жаңа көзқарас керек. Ал ең бастысы жаңа көзқарастың арқасында біздің қуаттылығымыздың жаңашылдығын қайта жандандырып,  гүлденген мемлекет болуымызға септігін тигізеді»,-деді ол.

Айта кетейік, 13 қаңтарда депутаттар Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу бастамасын Елбасының назарына ұсынған болатын.