Ж.Сәбитов: Мерзімінен бұрын сайлау өткізу Қазақстаннан капиталдың жылыстауын тоқтатады
18.01.2016
1684
Мерзімінен бұрын сайлау өткізу Қазақстаннан капитал жылыстауын тоқтатады, деді Қазiргi заманғы даму институты директорының орынбасары Жақсылық Сәбитов.
«Егер бiз Қазақстаннан капитал жылыстауын тоқтатып, осылайша, қолда бар халықаралық инвестициялардың сақталуына кепiлдiк бергiмiз келсе, бiз инвесторларды шулатпауымыз керек. Қазiргi таңда сайлауды өткiзу инвесторларға сенiмділік береді. Егер бiз сайлауды кейiнге қалдырсақ, бұл бiрiншiден, экономикалық проблемалардың қандай да бiр турбуленттiктi қалыптастыруына мүмкiндiк бередi. Бұл өз кезегiнде халықаралық инвесторларды мазасыздандырып, капиталдан айрылып қалуымыз мүмкiн. Сайлаудың қазiр өтуi капиталдың жылыстауын азайтады. Жыл соңында бұл көрсеткiш көп болушы едi», - дейдi Ж.Сәбитов.
Айта кетейік, 13 қаңтарда депутаттар Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу бастамасын Елбасының назарына ұсынған болатын.