А.Хасаноглы: Мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасы қазақстандық қоғамда оң пікірге ие болуда
18.01.2016
1912
Мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасы қазақстандық қоғамда оң пікірге ие болуда, деді «Джихан» Таяушығыс пен Орта Азия өңірінің ақпараттық агенттігінің бөлім сарапшысы Алихан Хасаноглы.
Ол атап өткендей, мерзімнен бұрын сайлау өткізуді депутаттар ұсынды. Бұл дұрыс қадам. Заңнамалық органдарға аса жауапкершілік жүктеліп отыр. Ол «100 нақты қадамды» жүзеге асыру орайында өте маңызды.
«Бұл стратегиялық бағдарлама барлық әлемдік сынақтарға жауап беріп, дамуға жаңа стимул береді. Қазір халық қалауларының бастамасы қоғамда талқыланып, оң пікірге ие болуда», - деді ол.
Фото: 24.kz