Ж.Тәжин: Қазақстанға әлеуметтік салада бірқатар заңдар қажет

18.01.2016 2183

Биылғы Парламент Мәжілісінің құрамы өздерінің міндеттерін ойдағыдай атқарып шықты. Ендігі күні депутаттық топтың құрамы жаңартылуы керек. Бұл жөнінде Петропавл қ. саңырау балаларға арналған интернат директоры Жангелді Тәжин Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Бүгінгі күні Қазақстан әлемдік экономиканың сыртқы сынақтарына қарсы тұруда. Бұл, Елбасының бастамасы Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасына орай болды. Жан-жақтылы құжаттың бұл түрі қазақстандықтардың келешегіне сеніммен қарауға жол бастайды. Жаһандық дағдарыстың алғашқы көріністері кезінде бүгінгі ҚР Парламент Мәжілісінің құрамы өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқарып шықты.  Қарапайым азаматтарды жаңа экономикалық жағдайға үйрету үшін, депутаттық корпустың мүшесін жаңарту қажет. Егер аталмыш бастама Елбасымен келісілсе, бұл жағдайда депутаттардың құрамын жаңартуға мүмкіндік түседі. Менің ойымша, сайланған өкілдер ағымдағы ортада қарапайым азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың қабылдауы тиіс. Әсіресе, мүгедек жандарға»,-деді Ж. Тәжин.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қаңтарда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Парламент пен барлық деңгейлі мәслихат депутаттары арасында мерзімнен бұрын сайлау өткізу бастамасын айтқан болатын.

Данияр Қасымов

Суреті арнайы мұрағаттан