Қазақстан Nuclear Security Index ядролық қауіпсіздік рейтингінде ең қауіпсіз мемлекеттердің қатарына кірді

17.01.2016 3553

АҚШ-та Nuclear Security Index ядролық қауіпсіздік бойынша жаңа рейтінг таныстырылды. Қазақстанды баяндама құрастырушылары ең қауіпсіз елдердің 17 орнына қойып отыр, деп хабарлады bnews.kz.

Ядролық қауіпсіздікті бағалау екі жылда бір рет шығарылады. Негізгі санаттар: ядролық материалдардың ұрлаудан қорғау. Nuclear Security Index баяндамасында елдер екі топқа бөлінген: оның біреуінде 24 ел бар. Екінші топта 152 мемлекет шоғырланған, ол елдерде ядролық материалдар аз мөлшерде немесе мүлдем кездеспейді. Қазақстан 24 елден тұратын топқа енген.

Автралия үшінші рет қатарынан ядролық қауіпсіздік рейтінгінің көшін бастап отыр. 24 елден тұратын топқа Ресей, (18 орын), Қытай (19 орын), Израиль (20 орын).

Ядролық материалдары бар санаты бойынша төмен көрсеткіштер Иран мен  КХДР тіркелген. Диверсиялық қауіп деңгейі бойынша тізім соңында бірқатар араб елдері мен Израиль тұр. Киберқауіпсіздікке келетін болсақ, екі ондық елде қорғаулуға арналған минималды талаптар да кездеспейді, оның ішінде: Қытай, Иран, ҚХДР, Қазақстан, Израиль.

Nuclear Security Index ядролық қауіпсіздік жаһандық рейтингісін бұрынғы американдық сенатор Сэм Наннның бастамасы бойынша Economist Group медиа-концернінің құрамына кіретін Economist Intelligence Unit компаниясы жасайды.Құрастырушылардың атап көрсетуінше, индекс мақсаты «біреулерге алтын медаль үлестіру немесе кейін қалғандарды төмпештеу емес», «ядролық материалдар қауіпсіздігін қалай нығайту керек екендігін барлық елдерге көрсету» болды.