Бас Прокуратура: 2015 жылдың қорытындысы бойынша жұмысшылардың пайдасына 6,5 млрд-тан астам теңге өндірілді

15.01.2016 2321

2015 жылдың қорытындысы бойынша жұмысшылардың пайдасына 6,5 млрд.-тан астам теңге өндірілді, деді Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ведомствоның алқа отырысында.

«Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында халықты еңбекпен қамту және еңбекақы төлеу саласында прокурорлардың актілері бойынша жұмысшылардың пайдасына 6,5 млрд.-тан астам теңге өндірілді. 163 кәсіпорында қарыздар толық өтелді. 158 мың жұмысшының құқықтары қорғалды», - деді А.Дауылбаев.         

Оның айтуынша,Алматы қаласы және Қарағанды облысы прокуратураларының жұмысын атап өту қажет, олар проблемалық кәсіпорындар бойынша 271 млн.-нан астам теңгенің өтелуін қамтамасыз еткен.