К.Бұрханов: Мәжіліс пен мәслихатта мерзімінен бұрын өтетін сайлау бюджет қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді

14.01.2016 2386

ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттағы мерзімнен бұрын болатын сайлау , бюджет қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді. Бұл жөнінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында айтты.

«Елбасы 5 институциоаналдық реформаны жариялаған кезде, еліміз 2016 жылдан бастап жаңа форматта өмір сүруі керек, қоғаммен қоса, экономикада деген болатын. Логикалық тұрғыдан ойлап қарасақ, Мәжіліс те өз кезегінде жаңару керек»,-деді К. Бұрханов.

Оның айтуы бойынша,  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары  мен барлық деңгейлі мәслихаттарда сайлау өткізу туралы бастама ой, ағымдағы экономикалық жағдайды да есепке алды.

«Бұл бюджеттік қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Атап өтсек, бес жастағы баланың киімін 20» жасқа дейін кие алмаймыз. Қазіргі таңда біз қоғамымыздың өсу қарқындылығын бақылаудамыз.  Бүгінгі Мәжіліс, 2012 жылы сайланған, олардың жинаған  тәжірибелерін қоса айтқанда барлық параметрлер бойынша сол күнге сәйкес келеді»,-деді К. Бұрханов.