Мәжіліс пен мәслихаттың сайлауын мерзімінен бұрын өткізу экономикалық мақсатты болып табылады – депутат (ВИДЕО)
13.01.2016
2989
Мәжіліс пен мәслихаттың сайлауын мерзімінен бұрын өткізу экономикалық мақсатты болып табылады. Бұл туралы ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты Талғат Ерғалиев мәлімдеді.
«Халықаралық жағдайды өздеріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан, парламент фракцияларының ұсынысы өте орынды деп санаймын. Қазіргі уақытта Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасын бірігіп іске асыруға тиіспіз», - деді Талғат Ерғалиев.
«Елімізде жергілікті атқару органдарына өте көп билік берілген. Сондықтан, сайлауларды бірге өткізген дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, қазіргі уақытта қаражатты үнемдеп, оларды дұрыс жұмсау керек. Соған байланысты біз түгеліміз, бүкіл фракциялар халықпен жұмыс істеп, халыққа мүмкіншілік беруіміз керек. Қазақстандықтар қай партияларға өз дауысын береді? Халық партиялардың жұмысына қарай дауыс береді», - деп толықтырды депутат.