В. Тельнов: Мерзімінен бұрын парламенттік сайлау Ұлт жоспарын жүзеге асыруда билік саласының бірлігін қамтамасыз етеді (ВИДЕО)
13.01.2016
2722
Мерзімінен бұрын парламенттік сайлау Ұлт жоспарын жүзеге асыруда билік саласының бірлігін қамтамасыз етеді, деді Қазақстанның саясаттанушылар конгрессі атқарушы директорының орынбасары Владимир Тельнов ОКҚ-да.
«Меніңше, біздің депутаттық фракциялар өздері үшін шұғыл жауапты шешім қабылдады. Бұл іс елде болып жатқан тарихи жағдайға сәйкес орындалмақ», - деді В.Тельнов.
Ол атап өткендей, бүгінде халықаралық қауымдастықты жүйелік дағдарыс жаулап отыр, ол барлық әлемде орын алған.
Сарапшының пікірінше, Қазақстан бұл күрделі жағдайдың сынақтарына жауап беруде. Ол үшін стратегия әзірленген. Оған индустриялды-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы еніп отыр.
Айта кетейік, бүгін Парламенттің төменгі палата депутаттары Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамасы үндеуін Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынды.