Қазақстан аймағындағы 10 АЭА-ның инфрақұрылымы 2019 жылы дайын болады - KAZNEX INVEST

11.01.2016 2484

Қазақстан аймағындағы 10 АЭА-ның инфрақұрылымы 2019 жылы дайын болады.Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «KAZNEX INVEST» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Айдаров мәлiмдедi.

«2015 жыл Қазақстандағы Арнайы экономикалық аймақтар үшiн жемiстi жыл болды. Қазiргi уақытта АЭА-да жалпы құны 2,3 трлн теңгеден асатын 166 жүзеге асырылды. Олардың iшiнде 34 iрi жоба шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп iске асырылған жобалар. 2015 жыл қорытындысына келер болсақ, өткен жылы АЭА-да жалпы құны 88 млрд теңгеден асатын 17 iрi жоба iске асырылды. Бұл жобалардың толық күшiне енуi 2 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi», - дедi ол.

Сонымен қатар, төраға орынбасары қазiргi уақытта компанияны жекешелендiру туралы мәселе қозғалып жатпағанын айтты.

«Мұнда жоспарлар компанияның өзiмен жүзеге асырылмайды. Бұл мәселе үкiмет деңгейiнде шешiлетiн мәселе. Сондықтан, менiң бiлуiмше, бүгiнде қабылданған Қаулыда «KAZNEX INVEST» компаниясы жоқ және сәйкесiнше, бiздiң компанияны жекешелендiру туралы мәселе туындап отырған жоқ. Оның үстiне, бiз өткен жылдан берi акционерлiк қоғам болып құрылдық және «KAZNEX INVEST» құрамында Ұлттық кәсiпкерлер палатасы бар. Сондықтан, бiз iшiнара жекешелендiрiлген компаниямыз және бiз жүргiзiп отырған барлық бағыттарда бизнес мүддесi есепке алынады», - дедi А.Айдаров.

Оның айтуынша, жалпы алғанда 2020 жылдарға дейін барлық қолданыстағы АЭА инфрақұрылымын жасау аяқталатын болады.

Айта кетейік, 2015 жылы республикалық бюджеттен инфрақұрылым құрылысына 4,8 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының аясында инфрақұрылымның құрылысына 2015 жылы ұлттық қордан 81 млрд теңге бөлінді.