ҚР-да «алыс-беріс негізінде» бордақылау алаңдарын толтыру бойынша жұмыстардың қарқыны артуда – ҚазАгро
2011-2015 жылдарға арналған «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру бойынша кешенді жоспар аясында «ҚазАгроӨнім» АҚ ірі экспорттауға бағытталған бордақылау алаңдарымен бірлесіп «алыс-беріс негізінде» бордақылау алаңдарын толтыру бойынша жұмыстардың қарқынын арттыруда ( «Аманат» бағдарламасы), деп хабарлады «ҚазАгро» холдингі.
Осы бағдарлама ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен ірі қара малды (бұқалар) сатып алып, бордақылау бойынша қызмет ақысын төлеп, әрі қарай бордақылау алаңдарына орналастыруды қарастырады.
2014-2015 жылдары аралығы кезеңінде (ағымдағы жылдың желтоқсан айының 21 жұлдызындағы жағдайы бойынша) «ҚазАгроӨнім» АҚ-мен 25 467 ІҚМ басы (с.і. 15 922 бас 2015 жылы сатып алынған) қаржыландырылып, бордақылауға орналастырылды.
«ҚазАгроӨнім» АҚ-ның қолдауымен 2015 жылдың 21 желтоқсан жағдайы бойынша отандық тауар өндірушілерімен 837 тонна көлеміндегі еттің экспортқа жеткізілуі жүргізілді. Ет экспорты Ресей Федерациясы (Мәскеу қ., Санкт-Петербург қ., Алтай аймағы, Новосібір, Самара, Челябі облыстары), сонымен қатар «Meat Processing and Service» ЖШС компаниясымен Өзбекістан нарықтарына жүргізілді. Ет экспорты келесі сұрапталымда жүргізілді: салқындатылған сиыр еті (ұшаның төрттен бірі) вакуумды қаптамадағы мәрмәр сиыр еті, блокталған сиыр еті, (мұздатылған) сиыр етінің жарты ұшалары, мұздатылған блокталған сиыр еті, ет консервілері және т.б.