Е.Ыдырысов: ДСҰ-ға енуіміз Қазақстанның экономикалық ойыншыларының алдында үлкен мүмкіндіктер ашады
23.12.2015
3918
Өтіп бара жатқан жылдың елеулі оқиғаларының бірі Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі болды. ДСҰ-ға енуіміз Қазақстанның экономикалық ойыншыларының алдында үлкен мүмкіндіктер ашады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ОКҚ-да.
«Өтіп бара жатқан жылдың елеулі оқиғаларының бірі Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі болды. ДСҰ-ға енуіміз Қазақстанның экономикалық ойыншыларының алдында үлкен мүмкіндіктер ашады. Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова Кенияда өткен ДСҰ министрлерінің отырысына толық қанды мүше ретінде қатысып, бірқатар бастамаларды көтерді. Жалпы, Кениядағы отырыс өте табысты болды», - деді Е. Ыдырысов.
Ботагөз Айтжанова